• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №11-1-2/303

366 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 29 маусым , Астана қаласы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.ЫДЫРЫСОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________________ Б. Сұлтанов 2016 жылғы 25 шілде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №11-1-2/303 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары Атауы Функционалдық мақсаты Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер Арнайы көлік құралда-рының саны Жедел Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөне­кей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі 3 Ескертпе: *арнайы көлік құралы -Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14141 болып енгізілді.